Өскемендегі бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны рас па?
Бүгін әлеуметтік желіде облыс орталығындағы бірнеше мектептің оқушылары эвакуацияланып жатыр деген фото/видео тарап кетті
Қаладағы бес-алты мектептегі екінші ауысымның сабақтары болмай қалды. Мектептерге жарылғыш заттар қойлыған-мыс, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Қалдағы №37, №11, №16, №9, №29 мектептердегі дүрбелең туралы ақпарат әлеуметтік желілерде де желдей есті, мектептердің ата-аналар чатында да жарыса жазып жатты. Сонымен қатар, мектептердің жанында жедел жәрдем, ТЖ және полиция қызметтерінің көліктері тұр.
Ал осыған қатысты ШҚО Полиция департаменті әлі де тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Өскемен қаласының бірнеше мектептерінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері объектілерге тексеруді жүргізуде. Қызметкерлер мен мектеп оқушылары эвакуацияланды. Сабыр сақтауды және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген ШҚО ПД хабарламасында.