Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қаңтар оқиғасы кезінде адам тонаған Өскемен тұрғыны 5 жылға сотталды

Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысып, адам тонаған өскемендікке қатысты сот үкімі шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Қаңтар оқиғасы кезінде адам тонаған Өскемен тұрғыны 5 жылға сотталды
Фото:
редакция мұрағатынан

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар оқиғасына қатысып, бірнеше қылмыс жасаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан айыпталушы азамат адам тонаған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұстаған кезде одан атыс қаруы табылды. Осыған байланысты сот ісі Өскемен қалалық сотында қаралған.

Сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Адамға қауіпті емес күш қолданамын деп қорқытып жасалған тонау), 287-бабы 1-бөлігі (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және алып жүру) бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланысты сот ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - делінген ақпаратта.

Следующая →