Шығысқазақстандықтардың бизнес ашуына 2-5 млн теңге грант беріледі
Еліміздегі 4 өңірде бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік 2-5 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз гранттарға өтініш қабылдау басталды
Инновациялық бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз гранттар тағайындау бойынша ашық конкурсқа өтініш ШҚО-да 10 қарашада басталмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап. Өтініштер тек 16 қарашаға дейін қабылданады.
Еліміз бойынша ШҚО, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарының тұрғындарының бизнес бастауына грант берілмек. Осы мақсатта Алматы облысында 96 млн теңге, Жетісу облысы 150 млн теңге қаржы бөлініп отырғаны белгілі болса, басқа екі облыстың бюджеті әзірге белгісіз.
Ұйымдастыруға әрбір облыстық әкімдіктердегі инновациялық-индустрияны немесе кәсіпкерлікті дамытуға қатысты басқармалары жауапты. Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына хабарласу қажет: 8 (7232) 71-32-65; 8 (7232) 71-32-57; 8 (7232) 71-32-64.