Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы сарбаздардың өнері нағыз актерлерден кем түспеді

Өскемендегі әскери бөлім сарбаздары тұңғыш рет театрлық қойылымға қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы сарбаздардың өнері нағыз актерлерден кем түспеді
Фото:
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Өскемендегі 5518 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер Ернұр Билаловтың жетекшілігімен және С. Аманжолов атындағы университеттің "Шабыт" театрының студенттерінің қатысуымен "Тіл табысқандар" атты комедиялық спектаклі сахналанды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спектакльдің аты айтып тұрғандай қойылым тіл мәселесі мен отбасылық құндылықтар жайлы болды. Оқиға Астана қаласында тұратын зиялы отбасының тағдырынан сыр шертеді, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі басшысы Бағдат Амангелді. - Ана тілге шорқақ Дездемона мен орыс тілін ұқпайтын Болдухан әпекесінің арасындағы орын алған келіспеушіліктер қазақ жұртының тек қана тілінен емес, сонымен қатар алтын бесігі – ауыл өмірінен де алшақтап бара жатқанын байқатады. Республика күніне арнап ұйымдастырылған “Тіл табысқандар” спектаклінің мақсаты өз тарихымыз бен салт-дәстүрімізді ұмытпауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, яғни жалпы қазақи тәрбиеміз бен құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа насихаттау болып табылады.

imgonline-com-ua-Resize-zv8m8EItRjRfa.jpg

Спектакльге С. Аманжолов атындағы университеттің студенттері, қалалық кітапханалардың мамандары мен драма театрдан актерлер шақырылды. Көрермендер керемет қойылымнан алған әсерлерін ыстық қошаметтерімен және құттықтау тілектерімен жеткізіп жатты. Бұл қойылымға сарбаздар бір ай көлемінде ғана дайындалған болса да, 4 жыл оқыған нағыз актерлерден кем түскен жоқ. Актерлік шеберліктерін шыңдаған қойылым ары қарай да өнер жолына жетелеуге себепкер болуы әбден мүмкін.

Следующая →