Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы жолдарда 10 жылыту пункті дайындалды

Жылыту пунктілерінің алтауы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында болса, төртеуі облыстық жолда тұр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы жолдарда 10 жылыту пункті дайындалды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

"Қазгидромет" ШҚОФ болжамына сүйенсек, биыл облыста желтоқсан мен қаңтар қарлы болады, ақпан айында жауын-шашын нормадан аз болады.

Жылыту пунктілерінен өзге, жолдардың бойында тұрған 18 дәмхана да төтенше жағдайларда азаматар жылынатын орын ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, Ұлан ауданындағы Привольное ауылы маңында трассалық медициналық-құтқару пункті бар екенін де айта кеткен жөн.

Биыл ШҚО-да қыстағы төтенше жағдайларға 1525 адам және 382 бірлік техника, оның ішінде 377 бірлік жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдарының жол техникасы дайын, - дейді ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Ринат Кондыбаев. - Ал облыс жолдарындағы жағдай қиындаған жағдайда ШҚО ТЖД қарулануында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 104 бірлік жол талғамайтын техника бар.

ШҚО ТЖД құтқарушылары дауылды ескертулерге немқұрайлы қарауға болмайтынына халықтың назарын аударды. Дауылды ескертулер, жолдардың ашылуы мен жабылуы, мектептердегі сабақтардың тоқтатылуы туралы ақпарат алу үшін "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қаланы, ауданды белгілеу қажет.

ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, 2021-2022 жылдың өткен қысқы кезеңінде ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің болмауы, тұман, көктайғақ және сыртқы ауаның төмен температурасы) 55 рет дауылды ескерту жарияланған екен. Республикалық маңызы бар автожолдар 49 рет және облыстық маңызы бар жолдар 31 рет жабылды. Облыстың автомобиль жолдарында 12 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, 24 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

Следующая →