ШҚО-да пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан 111 өрт тіркелген
ШҚО-да пешпен жылытылатын жүз мыңға жуық үй бар
Күн суыта бастағанда ШҚО ТЖД мамандары 70 мыңға жуық үйді аралап, оның 10 мыңға жуығы пеш жағу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң бұзып отырғанын анықтаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Пешпен жылытылатын үйлердегі өрт көбінесе пештердің қызып кетуінен; кірпіште жарықтардың пайда болуынан; жанғыш сұйықтықтарды пайдаланудан; шоқтың еденге түсуінен шығады. Ең қорқыныштысы, пештен шыққан өрт бүкіл үйді шарпып кететін жағдайлар сирек емес, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Аймақта жыл басынан бері 111 пеш өртенген. Мәселен, соңғы жағдай бір-екі күн бұрын ғана Риддер қаласында орын алды. Шоссейная көшесіндегі жер үй ауласындағы моншаның төбесі, шатырдың ағаш конструкциялары өртеніп кетті. Дәл осындай жағдай бүгін Өскемен қаласында да қайталанды. Курчатов көшесіндегі жер үй маңындағы моншаның төбесіндегі ағаш жанып кеткен.
ШҚО ТЖД мамандары пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске салады. Мәселен, мұржаны жиі тазалау, пештің қақпағын жаппай, пештегі жарықтар мен ақауларды дер кезінде қалыпқа келтіру керек.