Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +24°
$
481.63
534.46
¥
67.92
5.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жыл басынан бері 600-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген

Өңірде биыл тіркелген 579 өрт оқиғасының 177-сі жер үйлерде шыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жыл басынан бері 600-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Көп жағдайда өртке немқұрайлық себеп, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап. Дәл осындай абайсыздықтан 234 жағдай тіркелген.

Нақты айтқанда, балалардың сіріңкемен ойнауы, төсекте жатып темекі шегу, майшамды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан жиі өрт шығады, - делінген ШҚО ТЖД таратқан ақпаратта.

Темекі шегу кезіндегі абайсыздық - әлі күнге дейін адам өліміне әкелетін өрттің ең көп таралған себептерінің бірі. Көбінесе алкогольді ішімдік ішкен адам, темекі шегіп жатып ұйықтап кетеді. Соның салдарынан осындай қайғылы оқиғалар болып жатады.

Балалардың отпен ойнауы да аса қауіпті. Өрт шыққан көп оқиғада балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған. Осының алдын алу үшін тек мектептер мен балабақшаларда ғана емес, үйлерде де оларға қауіпсіздік негіздері түсіндірілуі тиіс, - деп атап өтті ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.



Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД 600 өрт оқиғасы