Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көкпектінің Көкжайық ауылына орталықтандырылған ауызсу құбыры тартылды

Көкжайық ауылында 2019 жылы басталған су құбырын тарту жұмыстары биыл аяқталып, Республика күні қарсаңында іске қосылып отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Көкпектінің Көкжайық ауылына орталықтандырылған ауызсу құбыры тартылды

Бұрын соңды Көкжайық ауылының тұрғындары таза ауызсуды жеке өздері қаздырған үй құдықтарынан алатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ауылды ауызсумен қамту жобасы 2019 жылы басталып, бүгінгі күні іске қосылды.

Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында бүгінгі күні барлығы 296 үйде 1079 адам тұрады.

Су құбырының құрылысымен айналысқан мердігер компания "Қуандық и К" ЖШС өкілдеріне ерекше ризашылығымды білдіремін, - дейді Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев. - Себебі жоба бойынша мердігерлер су құбыры желісін әр үйдің қақпасына дейін тартып әкелуі тиіс еді. Алайда мердігер компания тұрғындарға қолдау көрсетіп, барлық үйлерге суды өз қаражатына кіргізіп берді. Бұл ауыл тұрғындарына үлкен көмек.

Жалпы ауданда Президент қойған міндетті орындау мақсатында бүгінгі күні 3 жоба (Үлкенбөкен,Преображенка және Үлгілімалшы) жүзеге асырылып, жақын арада қолданысқа беру жоспарлануда.

Сонымен бірге, алдағы 2023 жылы ауданымыздың тағы 5 ауылын, атап айтқанда Шұғылбай, Биғаш, Шәріптоғай, Қарамойыл, Ақ ой және Мамай ауылдарын "Ақбұлақ" бағдарламасы аясында таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бүгінгі күні бұл мәселе бойынша тиісті мамандар жұмыстар жүргізуде, - деп атап өтті аудан басшысы.

Сондай-,ақ, бұл күні Көкжайық ауылында көпсалалы спорт залы ашылды.

Көкжайық ауылында спорт нысанының ашылуы өте маңызды. Себебі Көкжайық ауылында спорттың барлық түрі де жақсы дамыған. Биылғы өткен аудандық Спартакиадада Көкжайық ауылдық округінің командасы топтық есепте 1-орын иеленді. Енді Көкжайық ауылының тұрғындары спортпен шұғылданып, өз жетістіктерін еселейді деген ойдамын, - деді Ділдәбек Тәжібай ұлы.

Следующая →