Алдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Биыл қазақстандықтар 25 қазан - Республика күнін атап өтетіндіктен, бұл күн елімізде демалыс деп жарияланған
![Усть-Каменогорск и ВКО / Алдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді? Усть-Каменогорск и ВКО / Алдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?](/upload/iblock/c0d/kdkrt3k0gka7nvbkvs8w1m22e73r3lcg/imgonline_com_ua_Resize_E82JqnSitsuLOT9M.jpg)
Биыл Республика күні сейсенбіге сәйкес келеді, сол себепті аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар Республика күніне орай 23, 24 және 25 қазанда демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер екі күн: 23, 25 қазан (жексенбі, сейсенбі) демалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ал ШҚО-дағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл күндері қалай жұмыс істейді?
Мереке күндеріне байланысты сенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18.00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20.00-ге дейін қызмет істейтінін еске саламыз, - деп хабарлады Мемлекеттік корпорацияның ШҚОФ баспасөз қызметі. - 24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады. 23 және 25 қазан - демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.
Осы орайда айта кетейк, Өскемен ХҚО-лары қызмет алушыларға бүгін күні бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Республика күніне орай ХҚО қызметкерлері таңертеңнен бері клиенттерге Kazakhstan шоколады мен кәдесый ретінде жалаулар таратуда. Қызмет алушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар 1000-нан астам тәттілерді сыйға алып үлгерді. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан бүгін кешке дейін жалғаспақ, - делінген хабарламада.