Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен көшелеріне бес SOS дабыл батырмасы орнатылады

Қала бойынша жыл басынан бері осы батырмалар арқылы полицияға 10 адам жүгінген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен көшелеріне бес SOS дабыл батырмасы орнатылады
Фото:
редакция мұрағатынан

2023 жылы Өскемен қаласында 5 «SOS дабыл» батырмасы орнатылмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаментінің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда Өскеменде бес «SOS дабыл» батырмасы бар. Олар Защита шағын ауданында, Металлургтар мәдениет үйі маңайында, Виноградов және Грузинская көшелерінің қиылысында, «Заречный» базары мен Қабанбай батыр көшесінде Koton сауда үйінің жанында тұр.

Жыл басынан бері осы батырмалар арқылы 10 азамат полицияға хабарласты. Оның ішіндегі 6-ауы бейнеқоңырау, 4-еуі аудио формат арқылы. Барлық арыз-шағым бойынша тиісті шара қабылданды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ведомство дерегінше, 2023 жылы қала бойынша тағы бес «SOS дабыл» батырмасын орнату көзделіп отыр.

Следующая →