Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғындарын медициналық мекемелердегі қызмет сапасы қанағаттандырмайды

9 айда ШҚО ӘМСҚ филиалына тұрғындардан мыңнан астам өтініш келіп түсті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО тұрғындарын медициналық мекемелердегі қызмет сапасы қанағаттандырмайды
Фото:
редакция мұрағатынан

Ағымдағы жылдың тоғыз айында Қордың барлық кері байланыс құралдары арқылы 1306 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа медициналық көмекті сатып алу және төлеу, көрсетілген медициналық көмектің сапасын сараптау және пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша стратегиялық міндеттерді іске асырады. Бұл ретте ШҚО ӘМСҚ филиалы барлық коммуникация арналары бойынша халықпен кері байланысқа ерекше көңіл бөледі.

1406 Бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталығына түскен өтініштер саны көбіреу. Бұл канал арқылы 645 өтініш түскен.

Өтініштердің көбі медициналық көмектің сапасына және денсаулық сақтаудың басқа да мәселелеріне қанағаттанбау сипатында және кеңес беру сипатындағы мәселелер, - деп атап өтті ШҚО ӘМСҚ Халықты ақпараттандыру және түсіндерме жұмыстары жөніндегі бөлім жетекшісі Салтанат Адамова.

1406 call-орталығы халық үшін ең қажетті байланыс арнасы болып қала береді. Qoldau 24/7 екінші орында тұр. Сондай-ақ, Қордың fms.kz ресми сайты және Телеграмдағы Сақтандыру-бот сервистері де халыққа ыңғайлы.

Егжей-тегжейлі қарауды талап ететін шағымдар бойынша Қор мамандары экономикалық ықпал ету шараларын қолдана отырып, жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.

Следующая →