Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі №8 арнайы мектеп-интернатының басшылығы тәртіптік жауапқа тартылады

Мектеп ұжымының шағымынан кейін білім мекемесінде тексеріс жұмыстары жүргізілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі №8 арнайы мектеп-интернатының басшылығы тәртіптік жауапқа тартылады
Фото:
әлеуметтік желіден

Мектеп-интернаттың қызметкерлері әлеуметтік желіде білім мекеемесінің басшылығына қатысты наразылықтарын білдірген болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE. Осыдан кейін ШҚО Білім басқармасы мектеп-интернатта тексеріс жүргізіп, мектеп директорының міндетін атқарушыны жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған.

Қызметкерлер мектепте балаларға тамақ пен гигиеналық заттар талапқа сай мөлшерде берілмейтінін және ғимараттың сынған мүлкіне өздерінен ақша жинау талап етілетінін, одан өзге мұғалімдер шаруашылық жұмыстарға да өздерін күштеп жұмсайтынын айтқан. Ал келіспейтіндерге арыз жазып, өз еркімен жұмыстан кетуден басқа амал қалмапты-мыс.

Бұл интернатта облыстың әр өңірінен жиналған 166 бала оқиды. Көбін ата-аналары тек ұзақ демалыстарда ғана үйлеріне алып кететін көрінеді. Интернат толықтай мемлекеттің қамқорлығында, жыл сайын 400 млн теңге қаржы бөлінеді.

ШҚО білім басқармасының деректеріне сәйкес, интернаттағы балалардың құқықтары бұзылмағаны анықталды. Ал БАҚ-тағы жарияланымдар еңбек ұжымындағы жанжалдың салдары болды. «Шағымды қарау үшін білім басқармасы басшысының м.а. 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 447 бұйрығы негізінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Білім басқармасы мен Өскемен қалалық ұйымдарының өкілдері атынан жұмыс тобы құрылды. Аталған фактілердің бір бөлігі 2022 жылғы 13 қыркүйектегі өтініште расталды, - деді ШҚО Білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімі басшысының м.а. Гүлжаз Бошақова.

Қарау қорытындысы бойынша мекеме директорының м.а. тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды. Алайда, 28 қыркүйектен бастап ол денсаулығына байланысты уақытша жұмыста жоқ. Осыған байланысты жұмысқа шыққаннан кейін жауапкершілікке тартылады.

Өтініш берушілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жауап берілді. Бұл мәселе ШҚО білім басқармасының бақылауында, - деді спикер.



Следующая →