Өскемендегі ауруханалардың бірінде түнде өрт шықты
6 қазан күні түнгі сағат бір шамасында Серікбаев көшесіндегі медициналық мекемеде жертөледе өрт шықты
Өрт сөндірушілердің, облыстық және қалалық әкімдіктер өкілдерінің үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында бүгін түнде 4-ші қалалық ауруханада шыққан өрт тез арада сөндірілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жағдайды ШҚО әкімі Даниал Ахметов дереу жеке бақылауға алып, оқиға орнына дереу әкімнің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов пен қала әкімі Жақсылық Омар барды. Адамдар ауруханадан эвакуацияландырылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Науқастардың ешқайсысына қосымша медициналық көмек қажет болмады.
Өрт сөндіруге барлығы 15 бірлік техника мен жеке құрамның 45 адамы тартылды.