Өскеменнің қай көшесінде ең лас ауа тіркелді?
"Қазгидромет" еліміздегі ең қатты ластанған қалалар тізімін жариялады
27 қыркүйек пен 3 қазан аралығындағы кезеңдегі көрсеткіштерге сүйенсек, ең лас қалалар көшін Астана бастап тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Бұл уақыт аралығында мұнда шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 1318 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Бабатайұлы көшесі ауданында ластанған.
Екінші орында Қарағанды қаласы. Мұнда шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 521 жағдайы тіркелді.
Үшінші орында Алматы. Алматы қаласында шекті жол берілетін шоғырланудан асып кетудің 123 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Түрксіб ауданы бойынша барынша ластанды.
Ал Өскеменде шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 42 жағдайы тіркелді. Қала ауасы Қайсенов көшесі ауданында барынша ластанды.
Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
Ең таза ауа Шымкент пен Ақтөбеде тіркелді.