ШҚО-да жыл басынан бері 50 монша өртенген
Өткен айдың өзінде өңірде 10-ға жуық осындай оқыс оқиға тіркелген
Бұның барлығына азаматтардың от жағу барысында қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
Монша өртке қауіпті құрылым. Көбінесе моншаның орналасқан жеріне байланысты өртті сөндіру қиынға соғып жатады. Монша жанында басқа құрылыс нысандары болса, өрттің ауқымы да кеңейе түсетіндігін айтады мамандар.
Жыл басынан бері құтқарушылар 50-ден астам монша өртін сөндірген. Өткен айда осындай 10-ға жуық жану тіркелген. Мұның себебі негізінен пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Моншалардағы өрттің жалпы себептерінің қатарына мыналар жатады: бу бөлмесіндегі бітелген түтін мұржасы, пештің немесе тіпті ағаш ғимараттардағы түтін мұржасының тікелей орналасуы, тез тұтанатын материалдардан қорғалмаған құрылымдардың қызып кетуі және қараусыз қалған ашық оттық.
Бу бөлмесіндегі сауатсыз әрлеу де өрттің себебі болуы мүмкін. Көптеген тұрғындар жылуды ұстау үшін фольганы пайдаланады. Нәтижесінде, тақтайшаға (төсенішке) екі есе жағымсыз әсер етіледі – пештен шыққан жылу және фольга шағылысатын жарық. Осылайша тез тұтануды тудыратын ұсақ жарықтар пайда болады. Сондықтан фольганы бу бөлмесіне, әсіресе шатырды тығыздау үшін қолдануға болмайды, – деп атап өтті Серік Амангелдин.