Ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен
25 жастағы жас жігіт Өскемен қаласының тұрғынынан 3 млн теңге алып, ізін суытқан
Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны бейтаныс жігіттің пәтер сатып алуға ипотекалық несие ресімдеуге көмектесемін деп уәде етіп алдап кеткенін айтып полицияға жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп. Тіпті, жәбірленуші айлакер қызметі үшін сұраған 3 207 500 теңгені қонақ үй кешендерінің бірінде өз қолымен табыстаған көрінеді.
Уәде етілген ипотека ақыры жоқ болған соң, жәбірленуші тәртіп сақшыларына жүгінген, өз ақшасының қайтарылуын талап еткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қырағы болуға, бейтаныс адамдарға ақша қаражатын бермеуге және аудармауға кеңес береді.