ШҚО-дағы тасжолдардың бірі уақытша жабылды
Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 31-ден 37 шақырымына дейінгі учаске 30 қыркүйекке дейін жабылды
![Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы тасжолдардың бірі уақытша жабылды Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы тасжолдардың бірі уақытша жабылды](/upload/iblock/5cb/s5wihmje1r7zsvlz1fei4ka5y2nmwspo/9I3V9696.jpg)
Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 37 шақырымында су құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соған байланысты 28-30 қыркүйек аралығында аталған тасжолдың 31-ден 37 шақырымына дейінгі учаске барлық көлік құралдары үшін жабық болады. Көлік жүргізушілері елді мекендерге, лагерьлерге және демалыс базаларына "Өскемен-Алтай-Рахман қайнары" тасжолы арқылы бара алады.
Осы ретте өңір жұртшылығына жүрер жолды алдын ала жоспарлап, енгізілген тыйымдарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.