Өскемен тұрғыны ЖШС директорынан 20 млн теңге алып, алдап кеткен
20 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінген25 жастағы қала тұрғыны қазіргі таңда қамауда
Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімінің “102” жедел арнасына қаладағы ЖШС директорының бірі жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД-ға сілтеме жасап. Арызданушының айтуынша, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу-сатумен айналысатынын бейтаныс ер адамға алданып қалған.
Жыл басында спорттық құрал-жабдық алу үшін директор оған 20 миллион теңге берген. Олар Спорт сарайы маңында кездесіп, кәсіпкерге ақшаны тапсырған.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Өскеменнің 25 жастағы тұрғынын ұстаған, ол кінәсін мойындаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.