Катонқарағай ауданында бір үйдің 29 тонна шөбі өртеніп кетті
Биыл ШҚО-да қауіпсіздік ережелеріне салғырттық салдарынан жалпы 800 тонна шөп өртенген
Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 41-ші өрттің салдарынан 800 тоннадан астам шөп өртенді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Соңғы өрттердің бірі өткен түнде болды. Катонқарағай ауданы, Алтынбел ауылы, Желтоқсан көшесі, жеке тұрғын үй ауласында 29 тонна шөп өртенді. Құтқарушылар өртті жедел сөндірді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Шабындықтарда өрттердің туындауының негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болып табылады. Құтқарушылар атап өткендей, шөп өте қарқынды жанады, от малдарға тез таралады және оларды бір сәтте жояды.
Өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен және жұмыскерлерімен, саяжай алаптарының тұрғындарымен тұрақты негізде нұсқаулықтар, жиындар өткізіледі, үгіт-насихат материалдары таратылады, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.