Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО полицейлері 3 күнде 600-ден астам қаңғыған малды айыппұл тұрағына қамады

13-16 қыркүйек аралығында мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті “Барымта” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО полицейлері 3 күнде 600-ден астам қаңғыған малды айыппұл тұрағына қамады
Фото:
Polisia.kz сайтынан

2022 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлау фактілері 7%-ға төмендеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Облыстық жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге 500 полиция қызметкері және ветеринариялық бақылау қызметінің 42 маманы жұмылдырылды.

Тәртіп сақшыларының іс-әрекеттерінің арқасында үш күн ішінде бұрын жасалған 5 мал ұрлығы анықталып, ашылды.

Мысалы, жедел алдын алу іс-шарасы барысында Глубокое ПБ-ның қызметкерлері құны 700 мың теңге тұратын жылқыны ұрлады деген күдікпен 60 жастағы барымташыны ұстады. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді, одан жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері айыппұл тұрағына 600-ден астам қаңғыбас малды қамады, сондай-ақ тәртіп сақшылары 32 малды тауып, заңды иелеріне қайтарды. Сонымен қатар, тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдау және сату (ӘҚБтК-ның 406-бабы) бойынша 22 бұзушылық анықталды.


Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ПД Барымта