Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазір ШҚО-да ешкімнің мал баққысы келмейді

Бағушы табылмағандықтан ШҚО ауылдарында мал басы да жыл санап азайып келеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Қазір ШҚО-да ешкімнің мал баққысы келмейді
Фото:
редакция мұрағатынан

Өңірде қой басы жыл сайын 100 мыңға кеміп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының шарушылықтарында малшы жетіспейді. Мәселен, Зайсан ауданында байыс қойын көбейтіп отырған Жеңісбек Кәрібаев 300 мың теңгеден жалақы төлеп, әрең дегенде үш малшы тапқан. Ал оның 6 мың бас қойына кемінде 8-9 қойшы керек.

Бұл бір шаруа қожалығының мәселесі емес, басқа ауылдарда да кездеседі. Салалық басшылық бұл проблемадан хабардар. Осындай мәселе салдарынан өңірде қой басы жыл сайын 100 мыңға кеміп жатыр. Мамандар осы үшін де қой шаруашылыққа мемлекеттің қолдауы керектігін алға тартады.

Басқа малмен бұл тең емес, таңғы сағат 04.00-ден кешкі 20.00-ге дейін бағу керек, қазір жастардың бірі келмейді, күніне 10 мың теңге төлеп, айына 300 мың төлеп малшы таба алмай отырмыз, - дейді шаруа қожалығының жетекшісі Жеңісбек Кәрібаев.

Тіпті қаланың өзінде кабинетте отыратындардың көбі 300 мың теңге жалақы алмайтыны рас. Бірақ бұл іске жастарың бармайтыны анық.

Бірінші мәселе жалақы 300-350 мың теңге болуы керек, балалары оқу үшін оқу жасындағы балаларына әр жерге интернат салыну керек, одан кейін әлеуметтік жағынан қорғалу керек, тағы бір мәселе ертерек зейнетке шығу керек, - дейді ШҚО Ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Ертай Батхолдин.


Следующая →