ШҚО-да қоймашы 5,6 млн теңгенің минералды суын ұрлап кеткен
Кәсіпкер тауарларға түгендеу жүргізу кезінде 34 945 бөтелке минералды судың жетіспейтінін анықтаған
Осылайша Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің “102” жедел арнасына арызданған, деп хабарлайды Устинка LIVE Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоймадағы тауарларға 40 жастағы қоймашы жауапты болған. Күдіктінің іс-әрекетінен келтірілген залал шамамен 5,6 млн теңге сомасына бағаланған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинауға және тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 189-бабы 3-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.