Өскемен
облачно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +2°
$
495.95
524.37
¥
68.62
4.98
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны онлайн рәсімдеуге болады

ШҚО-да 2 мыңға жуық ана бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны онлайн ресімдеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны онлайн рәсімдеуге болады

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бері 1618 жас ана SMS және мобильді қосымша арқылы бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы ресімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы қалай өтініш беріп, рәсімдеуге болатынын түсіндірді. Осының арқасында жас аналарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Halyk Homebank немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру қажет. "Мемлекеттік қызмет көрсету" бөліміне өтіп, баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған смс-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Жақында жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ бізде экстерриторриялды қағидат енгізілген болатын. Баланың туылуына байланысты жәремақыны жас аналар тұрғылықты жеріне қарамастан, кезкелген ХҚО арқылы рәсімдеу алды. Бұл жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, олар жәрдемақыны артық уайымсыз рәсімдей алады, - деді "Азаматтарға арналған үкіметтің" ШҚО бойынша филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Заруетқызы.

Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс беруге болады.

Следующая →