Глубокое ауданында паралимпиадалық ат спортынан ҚР Чемпионаты өтті
Глубокое ауданының Винное ауылындағы Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының манежінде паралимпиадалық ат спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
![Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое ауданында паралимпиадалық ат спортынан ҚР Чемпионаты өтті Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое ауданында паралимпиадалық ат спортынан ҚР Чемпионаты өтті](/upload/iblock/ed3/qvg7apm54xcwbzc0btuednv1tb9viifp/imgonline_com_ua_Resize_jCusaQCzWvW.jpg)
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарынан 21 спортшы қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Спорт басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған шабандоздар (ересектер мен жастар категориясы бойынша) бес классификациялық деңгейде тірек-қимыл аппаратының зақымдану дәрежесіне байланысты жылқымен өзара әрекеттесу шеберлігі бойынша жарысты. Көшбасшылық орындар бұрынғысынша Шығыс Қазақстанда қалып отыр, - деп мәлімдеді ШҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасы.
![imgonline-com-ua-Resize-jWpzW2HUSv1Xh.jpg imgonline-com-ua-Resize-jWpzW2HUSv1Xh.jpg](/upload/medialibrary/bf9/amhu4bsdfcr8xsi8octp0jna24tai3ct/imgonline_com_ua_Resize_jWpzW2HUSv1Xh.jpg)
Халықаралық ат спорты федерациясының ресми сынақтарында бес классификация деңгейінің төртеуі бойынша біздің облыстың шабандоздары бірінші орын алған:
- V деңгей - Сұлтан Жасыбай (Ақтөбе облысы)
- IV деңгей - Диана Оралбек (ШҚО)
- III деңгей - Диас Ескермесов (ШҚО)
- II деңгей - Ринат Бектұрсынов (ШҚО)
- I деңгей - Райхан Байырқанова (ШҚО)