Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы "Алтын адам" табылған ауылды биыл қуаңшылық қысып тұр

Зайсан ауданындағы ауылдардың тұрғындары енді малды қыстан аман алып шығу үшін шөптің бір орамын 15 мың теңгеден алуға мәжбүр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы "Алтын адам" табылған ауылды биыл қуаңшылық қысып тұр

Биыл Зайсан аужанында шабындық шөп өткен жылдармен салыстырғанда 40 пайызға аз жиналған. Аудандағы 250 мың бас малды қыстан аман алып шығу үшін, 165 мың тонна шөп 3 мың тонна жем қажет. Бүгінге дейін оның жартысы ғана дайындалған, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Биыл қуаңшылықтан жайылым да, шабындық та көктемей қалған. Ал мал-жаны барлар қыстың қамын ойлап дал, жем-шөпті бұрынғыдан қымбат бағаға алуға мәжбр.

Тарбағатай тауының етегіндегі Шілікті ауылдық округіне қарасты 4 ауылдың түлігі жыл он екі ай негізінен жайылымда. Жер де жеткілікті, әмбе бұл жазыққа қар қалың түспейді

Шөпті Кеңсай, Қарабұлақ, Сартеректен тасимыз. Жайылымдық жердің шөбі қазан айына жете ме жетпей ме, білмейміз… Қыс созылып кетсе, малдың бірақ қырылатын түрі бар, - дейді ауыл тұрғыны Серік Қартаев.

Қуаңшылықтан кесірінен қазір қолма-қол қыржыға жем-шөп табудың өзі қиынға соғып тұр. Шөп жоқ болған соң мал да қоңсыз. Шаруалар бағып отырған малын да өткізе алмай қиналып жүр.

Қазір бір руллон шөп ауылға жеткізгенде 14-15 мың теңгеге шығады. Оның үстіне жайылым мынадай болған соң, малымыз қоңсыз. Алушылар келсе де көріп кетіп қалады. Ертең біз күнкөрісімізден айырлығалы тұрмыз, - дейді ауылдағы шаруа қожалықтарының бірінің иесі Айбол Лекеров.

Тек Шілікті ауылының өзінде ірілі-ұсақты 35 мыңнан астам мал бар. Ал Шілікті ауылдық округінде 128 мың гектар жер болса, оның 5 мың гектары егістік алқап. Биыл ерте көктемнен бері бұл өңірде бір тамшы жауын жаумағындықтан қазір егістіктің де, жайылымдықтың да шаңы шығып жатыр.

Аудандағы шаруа қожалықтарына Шілікті ауылына көмек ретінде қыркүйек айының 16-17 күндері шөп апарып, аз қамтылғандарға жәрмеңке өткізбекшіміз. Жалпы Шілікті ауылдық округін сол шөппен үнемі қамтамасыз етіп отыруға жұмысты жалғастырып отырамыз, - дейді Зайсан аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сабыр Әндірбаев.

Расымен де аудан әкімдігі сөзінде тұрып, Шілікті ауылдық округінің тұрғындарына қысқы мал азығы 45 тонна шөп, 3 тонна жем және 2 тонна ұн апарып, жәрмеңке ұйымдастырды. Ауыл халқы жәрмеңкеге келіп, қажетті жем-шөптерін алып жатыр. Жемнің килограмы 135 теңгеден, 1 сортты 25 килограмдық ұн 4750 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, округ әкімі М.Мырамытов бастаған Біржан ауылдық округінің тұрғындары 20 рулон шөпті тегін жеткізіп берді. 20 рулон тегін шөп ауылдағы жағдайы төмен 3 отбасына таратылды. Шілікті ауылдық округінің тұрғындары осындай қолжетімді бағада жәрмеңке ұйымдастырып берген аудан әкімдігіне және барлық ауылдық округтердің әкімдеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Осыдан кейін тағы да 24 қыркүйек күні Шілікті ауылдық округіне Зайсан ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тіркемесі бар 2 камаз көлігімен 76 рулон шөп әкелініп, 10 000 теңгеден сатылды. Алдағы уақытта халықтан тапсырыс түскен жағдайда, осы бағамен шөп тасымалы жүргізілетін болады.

Следующая →