Бүгін Өскеменде жарылыс жұмыстары жүргізіледі
Өскеменнің сол жағалау бөлігіндегі жаңа тұрғын ауданда коммуникация құрылысына байланысты жарылыс жұмыстары жүргізіледі
Бұл туралы Өскемен қалалық әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Kaz Explo Service ЖШС 16 қыркүйекте сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін "Өскемен қаласының 24 тұрғын ауданының бас жоспарын және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Кварталішілік жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілері тарту" бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізеді, - деп хабарлады қала әкімдігі.