Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде ломбард менеджері 12 млн теңгеден астам қаржыны иемденіп алған

ШҚО-ның облыс орталығындағы ломбардтардың бірінде ірі көлемдегі ақша қаражатын талан-таражға салған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде ломбард менеджері 12 млн теңгеден астам қаржыны иемденіп алған
Фото:
редакция мұрағатынан

Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы ломбардтардың бірінің директорынан өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ол өзінің қызметкері ойдан шығарылған, сәйкес келмейтін кепіл билеттерін пайдалана отырып, кассадан 12 500 000 теңгеден астам ақшаны иемденіп алғанын айтқан.

Арызды қабылдаған криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған ЖШС-нің 37 жастағы менеджері кінәлі деп танылған, әйел адам полицияға осылайша материалдық жағдайын жақсартқысы келетінін айтқан.

Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-ның 189-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Следующая →