ШҚО-да көпбалалы отбасылар үшін 147 жер үй салынбақ
Бұл үйлер "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы аясында бой көтермек
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, жақында ауылдарда көпбалалы және аз қамтылған 147 отбасы үшін үйлер салына бастайды, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
"Бір қабатты шығыс" бағдарламасы аясында бізде бірнеше жоба әзірленді. Олар өздерін жақсы дәлелдеді. Үйлер жайлы, жылы, орналасуы ыңғайлы, - дейді Даниал Ахметов.
Бүгінгі күні Тарбағатай ауданында – 48, Зайсан ауданында – 41, Күршім ауданында - 14, Алтай ауданында - 5, Катонқарағай ауданында – 5, Ұлан ауданында - 21 көпбалалы отбасылар тұрады. 4 отбасы Самар ауданында, 5 отбасы Шемонаиха ауданында және 4 отбасы Глубокое ауданында.
Мен жоғарыда аталған аудандардың әкімдеріне тағы да отбасылармен кездесу өткізуді тапсырдым. Жобаларды дайындау қажет. Құрылысқа арналған учаскелерде коммуникация жағы жақсы ойластырылған болу маңызды. Өңірдің құрылыс компанияларында осындай үйлерді салу тәжірибесі бар. Сондықтан жақын арада тағы бір кеңес өткіземін , онда біз 147 үйдің құрылысын бастау мерзімін белгілейміз, - деді өңір басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осы "Бір қабатты шығыс" бағдарламасымен Самар, Күршім, Зайсан аудандарында бой көтерген үйлерден шыққан шикіліктер туралы біз бұған дейін бірнеше рет жазғанбыз. Тіпті, Күршім ауданында қыс ортасында үйдегі "ақылды" пештер жарылып, тұрғындардың мазасын қашырған еді. Жаңа салынатын үйлерде бұл қателіктер ескерілер...