ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі Отбасы күніне орай түрлі сайыстар ұйымдастырды
Тәртіп сақшылары "Aq jol" жас инспекторлар клубының қасымша білім беру педагогтарымен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кәмелетке толмағандар арасында сайыс ұйымдастырды
Сайыс қатысушыларына практикалық тапсырмалар ұсынылды. Оның ішінде көлік құралдарын белгілеу және оларды жолдың жүріс бөлігінде орналастыру, жол белгілерін құрап, олардың қай топқа жататынын анықтау, сондай-ақ қатысушы үшін ең күрделі және көрермен үшін ең әсерлі болған – кедергілерден велосипедпен өту. Креативті сайыстардың бірі - асфальт үстіне қауіпсіздікпен байланыстырып сурет салу.
Балақайларға өздерінің қызықты мастер-кластарын қозғалыс жас инспекторлары көрсетті. Олар жол-көлік оқиғасына тап болған адамға алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйретті. Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қолқоян-қолтық ұрыс бойынша көрініс әзірлеп, балаларға өз-өздерін қорғау тәсілдерін меңгеруді үйретті.
ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриевтің айтуынша, осындай іс-шаралардың басты бағыты – ол отбасылық, рухани және адамгершілік құндылықтарды, ішкі істер органдары қатарында ұрпақтар сабақтастықты дамыту және ңығайту болып табылады.
2022 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Балалар жылы" деп жариялаған, сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде "Мектепке жол" республикалық акциясы, "Абайлаңыз, балалар!" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатқанын естеріңізге саламыз.