Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына пәтер беріледі

Абай облысы Жарма ауданында 3 өрт сөндірушіні күйік шалып, оның бірі көз жұмған

Усть-Каменогорск и ВКО / Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына пәтер беріледі

Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасына ұсынылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кетейік, 7 қыркүйек күні 13 сағат 35 минутта 112 кезекші пультіне Абай облысы Жарма ауданының Бозжыра ауылдық округі Бірінші ауылының учаскесінде құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру орнына №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілді.

Табиғи өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру автоцистернасы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының өрт сөндіруге су жеткізетін КАМАЗ (12 текше метр) су алды. Осы кезде жел бағытының өзгеруі салдарынан өрт автоцистернаға қарай аумақты шарпыған. Техникаға арналған эвакуациялау жолдары барлық жағынан отқа оранып, биіктігі екі метр қараған ағашы өртенді.

Өрт сөндірушілер жағдайды бағалап, өрт-техникалық қару-жарақты жинауды тоқтатып, шұғыл эвакуациялауға кіріседі. Ал автоцистерна мен КАМАЗ су тасымалдаушы көлігі толығымен жанып кетті. Нәтижесінде өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков пен өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев, өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрлан Салимжан түрлі дәрежедегі күйік алып, Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасына жатқызылған болатын. Айдос қатты күйік алып, жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Айдос 36 жаста еді. Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет еткен. Оның артында әйелі мен 5 баласы қалды.

Елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезінде өртке қарсы және құтқару қызметтерінің 65 қызметкері қайтыс болды.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Бозжыра ауылдық округінде дала өртін сөндіру кезінде қаза болған №22 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер беріледі.

Өңірдегі "Фирма Азия" ЖШС марқұмның жанұясына үш бөлмелі пәтер береді. Айдос Ерланұлының артында әйелі мен 5 баласы қалған, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев та қаза болған өрт сөндірушінің отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлім еткен.


Следующая →