Өскемен-Алматы тас жолында оқыс жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Ұлан ауданында Өскемен-Алматы тас жолының 45 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды
"Toyota Ipsum" маркалы автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, алдында келе жатқан "Камаз 5320"маркалы автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Toyota Ipsum" маркалы көліктің екі жолаушысы (1984 және 1978 жылғы ер адамдар) түрлі дене жарақат салдарынан жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болды, аталған автомобильдің 24 жастағы жүргізушісі және оның екі жолаушысы (1982 ж. т. ер адам және 2002 ж. т. жігіт). медициналық мекемеге жатқызылды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.