Өскеменге өзгеше көрік бергісі келетін сәулетшілер арасында байқау өтеді

Жас дизайнерлер қаланың көшелері, скверлер мен саябақтарді әсемдеу бойынша үздік идеялар ұсынулары қажет

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменге өзгеше көрік бергісі келетін сәулетшілер арасында байқау өтеді
Фото:
редакция мұрағатынан

Ағымдағы жылдың 01 қыркүйегінен 30 қарашасына дейінгі аралықта жас сәулетшілерге, дизайнерлерге, аралас шығармашылық кәсіптің мамандарына қалалық қоғамдық кеңістіктер мен Өскеменнің ландшафтық-рекреациялық аймақтарының тұжырымдамасын әзірлеу ұсынылады, деп арлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Конкурстың талабы бойынша қаламыздың архитектуралық-көркемдік бейнесін жетілдіруге бағытталған жаңа идеялар, сәулеттік, дизайнерлік, көркемдік шешімдер табу қажет.

Конкурстық жобаларға арналған нысандар – қаланың көшелері, скверлер мен саябақтар.

Конкурстық жұмыстардың қорытындысы 2022 жылдың 1-10 желтоқсаны аралығында шығады дә сәйкесінше көрмес ұйымдастырылмақ.

Бағдарламаға қатысты, конкурстың талаптары мен қажетті бастапқы материалдар бойынша "Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүгінуге болады. Тел: 8/7232/262448 немесе инстаграм әлеуметтік желісіндегі @ozoiarkhg.uka парақшасына хат жаза аласыз.

Следующая →