Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін Күршім ауданындағы орманда өрт шықты

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күрес жүргізуде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Усть-Каменогорск и ВКО / Бүгін Күршім ауданындағы орманда өрт шықты
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер тәулік ішінде шамамен 10-15 рет шақыртуға шығады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өткен аптада Зайсан ауданында дала шөбі өртенсе, Алтай ауданындағы таулы аймақта да өрт шыққан еді. Бүгін Күршім ауданындағы Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенген.

Өрттің алдын ала аумағы 300 га құрайды, ең жақын елді мекен - Төсқайың ауылы, 10 шақырым жерде орналасқан. Оған ешқандай қауіп жоқ, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД. - Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың, полицияның 114 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, ауа райы жағдайларымен күрделенген.Өртті атпен және жаяу тәртіпте сөндіруге тура келеді. Сондай-ақ, МИ-2 тікұшақтары мен Еурокоптер іске қосылды. Өскемен қаласынан көмекке жеке құрамнан 46 адам және 6 бірлік техника көлемінде ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері келді.

ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы еске салады. Ормандарда от жақпаңыз, шөптер мен құрғақ өсімдіктердің жануына жол бермеңіз.
Өрт кезінде 101 және 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Следующая →