Тарбағатайдағы Шеңгелдіде Күршімнің Жолнұсқауындағыдай мектеп салынбақ
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданындағы Шеңгелді ауылына мектеп салуды тапсырған
Өңір басшысы күні кеше өткен жиын барысында 18 қыркүйекке дейін қолайлы типтік жобаны таңдап, келісімшарт аясында құрылысты бастау керектігін айтқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осыған байланысты Тарбағатай ауданы әкімдігінің қызметкерлері Күршім ауданына жұмыс сапарымен барды. Тарбағартай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев пен аудандық мәслихат хатшысы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы және аудандық құрлыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Күршім ауданындағы Жолнұсқау ауылында салынып жатқан мектеп құрылысымен танысып қайтты.
Көрші аудандармен тәжірибе алмасу мақсатында жасалған сапар барысында жаңа мектеп жобасы қолға алынды, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.