Кеше ШҚО-да "Газель" жанып кетті
ШҚО ТЖД қызметкерлері бір тәулік ішінде 4 өртті сөндірді: төтенше жағдайлардың үшеуі Глубокое ауданында, біреуі Катонқарағай ауданында орын алды
Төтенше жағдайлардың барлығы өрт қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдары, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Глубокое ауданында Бобровка ауылының Профсоюзная көшесінде көп пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің ауласында өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары жанып жатқан. Өрт сонымен қатар 4 шаршы метр алаңда гараж шатырының ағаш конструкцияларына, 2,4 тонна шөпке жайылды. Өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумаққа жайылған өртті сөндірді. Белгілі болғандай, шөп иесі қауіпсіздік шараларын сақтамаған.
Ал Веселовка ауылының шетінде келе жатқан "Газель" маркалы автомобильдің мотор бөлшектері, салонның қаптамасы, дөңгелектердің қақпақтары, аспаптар панелі жанып кеткен. Өрт құрғақ шөпке де лап беріп, 50 ш.м. аумаққа жайылған. Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану.
Одан өзге, Белокаменка ауылында Шоссейная көшесінде дүкен ішінде өрт шықты. Ғимараттағы стеллаждардың ағаш құрылымдары, тоңазытқыш, азық-түлік және тауарлар жанып кетті. Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Сонымен қатар, Катонқарағай ауданының Солдатово ауылының шетіндегі ашық аумақта 90 тонна шөп өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері отты сөндірді. Шөп жинайтын тракторда ұшқын сөндіргіштің болмауы салдарынан өрт шыққан.
Жалпы ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыста барлығы 500 тоннаға жуық шөп өртенді.