Қаңтар оқиғасына қатысқан үш өскемендікке қатысты үкім шықты
Өскемен қаласының соты қаңтар оқиғаларына қатысқан үш азаматты шартты түрде бас бостандығынан айырды
Осы жылдың 18 тамызында Өскемен қаласының соты 3 адамға қатысты қаңтар оқиғаларымен байланысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Прокуратурасына сілтеме жасап.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 1-бөлігі, яғни «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», «билік өкіліне қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану» бойынша қаралды.
Сот үкіміне сәйкес, жоғарыда аталған тұлғалар Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасымен кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады, - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі. - Жеңілдететін мән-жайлар - шын жүректен өкінуін ескеріп, сот Қылмыстық Кодекстің 63-бабын қолданумен, 2 сотталушыға пробациялық бақылауды белгілеп, 4 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру, 1 сотталушыға пробациялық бақылауды белгілей отырып, 4 жыл 2 ай шартты түрде жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.