Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО Тарбағатайдың тумалары туған жеріне тарту жасады

Тарбағатайдағы Жетіарал ауылында еуропалық стандарттарға сай футбол алаңы ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО Тарбағатайдың тумалары туған жеріне тарту жасады
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

Елдің қай қиырында жүрсе де, туған жеріне деген сүйіспеншілігін жоғалтпаған азаматтар аз емес. Осының айқын мысалын Жетіарал ауылының тумалары Мәліковтер әулеті көрсетіп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Тарбағатай ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәлік ата ұрпақтары ауылға еуропалық стандарттарға сай футбол алаңын салып берді.

Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев өзінің жарлығымен Абай облысын құру нәтижесінде бұрынғы аудан орталықтары қайта қалпына келтірілді. Ақжар ауылы аудан орталығы статусын алды. Ең бірінші, осы сүйінішті өзгерістермен баршаңызды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Екіншіден, халықтың береке-бірлігінің арқасында Қаракерей Қабанбай батырдың мерейлі тойын ойдағыдай атқардық, - деп атап өтті аудан әкімі Дархан Жөргекбаев. - Сол бір игілікті шаралар бүгін Жетіарал ауылында да жалғасын тауып, ауыл жастарына, жалпы бұқаралық спортты дамытуға таптырмас орын футбол алаңы қолданысқа берілуде. «Кіндік қаның тамған жерге маңдайыңның тері тамсын» дегенді берік ұстанып, Мәлік ата ұрпақтары тамаша тарту жасады, азаматтығын көрсетті. Бұл бастама басқа да ауылдарда жалғасын табады деп ойлаймыз.

Ақжар мәдениет үйінің өнерпаздары игі шараны әсем әнмен көркемдеп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Следующая →