Мектеп табалдырығын аттағайы отырған баланы қалай дайындау керек?
Баланы оқу жылына физикалық та, психологиялық тұрғыдан да дайындау маңызды

№ 1 Өскемен қалалық емханасының 30 жылдық тәжірибесі бар дәрігер-педиатры Клара Кунчинова 1-қыркүйектен жаңа өмірге қадам басқалы тұрған бірінші сынып оқушыларын аз уақыт қалғанына қарамастан, дайындап үлгеруге болатынын айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Балақайға сәтті бастама жасауға, физикалық және психологиялық тұрғыдан дайындалуға көмектесу қажет. Баланың мектепке бейімделу кезеңі 2-3 аптадан алты айға дейін созылады. Бұл баланың жеке ерекшеліктері, оның мектепке дайындық дәрежесі сияқты факторларға байланысты, - дейді дәрігер.
Клара Кунчинова ата-аналарға балаларын алдын ала дәрігерлік тексеруден уақтылы өту керектігін ескертеді.
Диспансеризация аясында бала невролог, хирург, ортопед, офтальмолог, оториноларинголог, стоматолог, логопед, психолог сияқты арнайы мамандардың қарауынан және консультациясынан өтуге тиіс. Бұл тексерулердің барлығы тегін екенін ескертеміз.
Сондай-ақ, мектепке барар алдында гемоглобиннің, лейкоциттердің (денені инфекциядан қорғайтын қан жасушалары) және басқа да қан элементтерінің құрамын көрсететін жалпы қан анализін тапсыру керек. Зертханалық зерттеулер тізіміне зәр анализі және бактерияларға тексеру де (соскоб) кіреді. Педиатр сонымен қатар профилактикалық екпелердің маңыздылығын атап өтті.
Баланың инфекциялардан қорғалғанына көз жеткізіңіз, оның жасына сәйкес барлық профилактикалық егулері болуы керек. 6 жасында қызылшаға, қызамыққа және паротитке және АбКДС-ға (көкжөтел, дифтерия және сіреспе) қарсы екпе жасалады. Манту сынамасы теріс болған жағдайда туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізіледі, - деп түсіндірді педиатр.
Маманның пікірінше, ата-ана педиатрдың кеңестеріне құлақ асуы керек. Өйткені бақылаушы педиатрдан иммундық жүйені және витаминдік терапияны нығайту бойынша ұсыныстар алуға болады. Бұл балада бірінші сыныпқа баратын баланың бойындағы стресті азайтады.
Мектеп режиміне алдын ала дайындау керек: түнгі ұйқы кем дегенде 10 сағат болуы қажет және таңертең ұйқыдан бір уақытта тұрып үйрету керек. Бала ұйқыға 22.00-ден кешікпей жатуы тиіс. Балақай кем дегенде екі-үш сағатты таза ауада өткізуі керек, міндетті түрде бос уақыты мен сабақ оқуды алмастырып отырған дұрыс. Баланың физикалық дамуына назар аудару керек. Онымен күн сайын кем дегенде 15-20 минут дене шынықтырумен айналысыңыз. Ол қандай спорт секцияларына қатыса алатындығын шешіңіз. Сондай-ақ, дұрыс тамақтану - баланың өсуі мен дамуының негізгі шарттарының бірі. Баланы таңғы асты ішуге дағдыландырыңыз, - деп қорытындылады дәрігер.