Өскемен
облачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +20°
$
479.05
+0.12
534.57
-0.39
¥
67.92
+0.12
5.17
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Глубокое аудандық ауруханасына жаңа бас дәрігер тағайындалды

Бұл лауазымға бүгінге дейін Өскемен қалалық №2-ші емхана бас дәрігерінің орынбасары қызметін ақтарған Мирхат Увазыров тағайындалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое аудандық ауруханасына жаңа бас дәрігер тағайындалды
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Мирхат Фархатұлы 1990 жылы дүниеге келген, үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.


Мирхат Фархатұлы Күршім ауданы, Алексеевка ауылының тумасы. Семей медициналық университетін 2016 жылы "Жалпы медицина бойынша дәрігер" мамандығы бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолы:

  • 2016-2019 ж. - Өскемендегі Ана мен бала орталығында педиатр.
  • 2019-2020 ж. - "Защита теміржол емханасы" ЖШС бөлімше меңгерушісі.
  • 2020 ж. - Өскемен қаласындағы облыстық ана және бала орталығында ковид бөлімшесінің меңгерушісі.
  • 2020-2021 ж. - Шемонаиха аудандық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары.


Жаңадан тағайындалған медициналық ұйымның басшысы алдына бірқатар маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Басым бағыттар - денсаулық саласындағы берілетін қызметтер сапасын жақсарту, ана мен бала денсаулығына зор мән беру, онкологиялық және туберкулез ауруларының төмендету, сондай жылжымалы медициналық кешендер жұмысын қолжетімді ету жөнінде нақты тапсырмалар қойылды.



Следующая →