ҚР Конституциясының ШҚО ТЖ қызметіндегі құрдастары
Биыл Қазақстанда ел Конституциясы күнінің 27 жылдығы тойланады
ҚР Ата заңы 1995 жылдың 30 тамызында қабылдады. ШҚО ТЖД-да дәл осы күні дүние есігін ашқан азаматтар бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемендегі №4 өрт сөндіру бөлімінің жас жүргізушісі Әділ Мұратұлы үшін Қазақстан Республикасының Конституция күні қос мереке, себебі ол 1995 жылы туған. Әділ мұндай сәйкестік символдық деп санайды.
Біздің негізгі Заңымыз - Конституция бізге өз мемлекетіміздің тарихы болуға және өзімізге қандай да бір маңызды үлес қосуға құқық береді. Мен өрт сөндіруші мамандығын таңдадым, олар өз өмірлерін қатерге тігіп, біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - дейді Әділ Мұратұлы.
Ондаған өрті сөндіруге атсатысқан Дидар Әшімханға қарап, біздің мемлекетімізде еңбекқорлық пен үлкен жұмыстың арқасында биіктерге қол жеткізуге болатынын аңғаруға болады.
Мемлекет бізге өзіміз қалаған білім мен мамандықты алуға мүмкіндік берді, енді халықты төтенше жағдайлардан қорғау біздің міндетіміз. Біз ант қабылдап, сол антқа адалмыз, - дейді Шемонаиха қаласында 27-ші өрт сөндіру бөлімін басқаратын Дидар Әшімхан.
Дидардың зайыбы - Назым да төтенше жағдайлар жүйесінде, ТЖ бөлімінде инженер болып жұмыс істейді. Жас жұбайлардың қызметі қиын болса да жарқын болашаққа деген сенімдері мол.
Ал Конституцияның тағы бір құрдасы Шыңғыс Смағұлов облысқа өзінің ерлігімен танымал. Өткен жылы ол балконнан құлап қала жаздаған әйелді құтқарды. Шыңғыс оқиға орнына жеткенде келіншектің өмірі қыл үстінде еді. Ойлануға уақыт болмады, ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкері Шыңғыс Смағұлов төртінші қабаттан құтқару арқанымен балконға түсіп, соңғы минутта әйелді ұстап қалған болатын. Осылайша оқыс жағдайдың алдын алды.
Мамандық таңдау, бақытты өмір сүру, еркін болу құқығы – бұл Негізгі Заңның негізгі міндеті. Мұның бәрі әрқайсымызға байланысты. Біз, жастар, мемлекетіміздің болашағына сенеміз және өз еңбегімізбен оның дамуы мен өркендеуін жақсартуға тырысамыз, - дейді Шыңғыс.