ШҚО тұрғыны қызын өгей әкесі 5 жыл бойы зорлап келгенін мәлімдеді
Шығыс Қазақстан облысында өгей әкесі 13 жастағы қызын 5 жыл бойы зорлап келген
Адвокат Айман Омарова өз Instagram парақшасында әйелдің видеоүндеуін жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ол кезде қызымның жасы небары 8-де болды. Бес жыл бойы күйеуім маған үнемі қол көтеріп, зорлық-қомбылық көрсетіп келді. Салдарынан талай мәрте ауруханаға да түстім. 2022 жылдың 9 қаңтарында ол мені есімнен танғанша ұрып-соқты. Қызым мені өлді деп ойлап, анама телефон шалған. Анам артынша бірден келіп, балаларды өзімен, ал мені жедел жәрдем шақыртып ауруханаға жіберді, - дейді видеодағы келіншек.
Жасөспірім әжесі мен әпкесіне сол кезде өзіне 8 жасынан бері зорлық көрсетіліп келе жатқанын айтып берген.
Болған жайтты егерде әлдекімге айтатын болсаң, анаң мен сені өлтіремін деп қорқытқан. Сол үшін қызым ешкімге айтпаған. Соңғы рет ол мұндай әрекетін 2022 жылдың 7 қаңтарында фермада жасаған. Ол жаққа қызымды менің рұқсатымсыз алып кеткен. 16 қаңтар күні Ұлан аудандық полицияға арыз жаздым. Процессуалдық прокурор мен психологтың қатысуымен болған жауап алу кезінде тергеуші Шумақбаеваның сұрақтарына жауап беру барысында қызым тағы бір сұмдық жайтты айтты. Қызым 10 жаста болғанда өгей әкесі балаға адам шошырлық зорлау әрекетін жасаған, - дейді келіншек.
Айман Омарованың айтуынша, құқық қорғау органдары ер азаматқа қатысты әлі күнге тиісті шара қабылдамаған. Автордың сөзінше, бұл істе ШҚО Ұлан ауданының прокурорлары мен Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары зорлық-зомбылық жасаған ер кісіні қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тырысады. Себебі ол прокурорлардың бірінің сыныптасы көрінеді.
Ал ШҚО Полиция департаменті қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынған хабарлады.
Осы істі Жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстарға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға мамандандырылған тергеу басқармасының аға тергеушісі бақылауға алды. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге, оның ішінде дәлелдемелерді бекітуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚПК 99-бабына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға процестік әрекеттерді жүргізу немесе процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттармен жүгінуге құқылы, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.