ШҚО-дағы 417 білім беру нысаныөрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған
ШҚО ТЖД мамандары 420 білім беру нысанындағы қауіпсіздік шараларын тексерді
ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес ақпан-мамыр аралығында өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
420 білім беру нысаны ерекше тәртіпте тексерілді, нәтижелері бойынша 99 % (417 нысан) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылған, 2000 мыңнан астам бұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 392 лауазымды және заңды тұлғалар тартылды, оның ішінде - 320 ескерту түрінде және 82 айыппұл жалпы сомасы 3 миллион 607 мың 560 теңге, бірінші басшыларға оларды жою туралы ұйғарымдар енгізілді, - деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Өміржанов.
Білім басқармасының мәліметінше, барлық бұзушылықтар тексеріліп, жойылды. Осыған байланысты, ШҚО ТЖД инспекторлары профилактика аясында 4,5 мыңнан астам мектеп пен балабақша қызметкерлеріне 179 нұсқама, педагогтар мен балаларды эвакуациялауды пысықтаумен 98 бірлескен оқу-жаттығу өткізді. 10 415 оқушыны қамти отырып, 62 интерактивті сабақ ұйымдастырылды.
Нұржан Өміржанов бірінші қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің басшылары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды қарастыруы қажет екендігіне назар аударды:
- Түтін жою жүйелерін, өртті анықтау және сөндірудің автоматты қондырғыларын, өрт кезінде адамдарды хабардар ету және эвакуациялауды дұрыс жағдайда басқару.
- Эвакуациялау жолдарын түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа да заттармен үйіп тастамау керек. Алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс.
- Қызметкерлерді өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдарға үйрету
- Сондай-ақ өртке қарсы сумен жабдықтаудың табиғи және жасанды көздерін, оларға кіреберістерді тиісті жағдайда ұстау қажет