Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жалған мемлекеттік нөмірмен 175 рет ереже бұзып, 2 млн теңге айыппұл арқалаған

ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы Көкшетаудан келген жүргізуші ұсталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Жалған мемлекеттік нөмірмен 175 рет ереже бұзып, 2 млн теңге айыппұл арқалаған
Фото:
Polisia.kz сайтынан

13 тамызда Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қабанбай батыр көшесінде басқалардың өміріне қауіп төндіріп келе жатқан Toyota автокөлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші оқиға орнынан ізін жасыруға тырысады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

“Сергек қорғау” қосымшасының көмегімен құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары көлік жүргізушісі Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны екенін, сонымен қатар ол көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүргізгенін анықтады. Белгілі болғандай, республика бойынша аталған нөмірдің 175 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелген, айыппұл сомасы – 2 млн теңгеден астам, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.


Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 590-бабының 4-бөлігі (материал Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді), ҚР ӘҚБтК-ның 612-бабының 4-бөлігі (30 АЕК мөлшерінде айыппұл), ҚР ӘҚБтК-ның 590-бабының 3-бөлігі (15 АЕК мөлшерінде айыппұл) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Автокөлік қарызды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды.



Следующая →