Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен күніне Мирас Жүгінісов келуі мүмкін

Биыл өскемендіктер қала күнін 30 тамызда тойлайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен күніне Мирас Жүгінісов келуі мүмкін

Еліміздегі коронавирус инфекциясына байланысты шектеулер болғандықтан екі жыл қала күні тойланбаған еді. Биыл эпидемиологиялық жағдай жақсарғандықтан мерекені кең көлемде атап өту жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тамыздың соңғы күндері өскемендіктер үшін қос мереке қатар келіп отыр. Бірі – ҚР Конституция күні, екіншісі – қала күні. 30 тамыз күні сағат 11.00-де ҚР Конституция күніне арналған мерекелік шара, ал кешке 18.00-де қазақ эстрада жұлдызының қатысуымен қала күніне арналған кеш өтеді.

Әзірге кеш қонағының нақты кім болатыны белгісіз. Өскемен қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Қалқаман Сариннің айтуынша, Мирас Жүгінісовпен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қала күніне арналған шаралар 25 тамыздан басталады.

Қала күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – менің қаламның тарихы» челленджі тамыз, қыркүйек бойы жалғасады. Онда қаланың әр тұрғыны осы шаһармен байланысты өз тарихын баяндап, әлеуметтік желіде #меніңқалам #мойгород хэштегтері бойынша жариялайды. Арнайы комиссия үздік жарияланымды таңдап, арнайы сыйлықтармен марапаттайды, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит. - 17 тамыздан бастап «Қаһармандар қасымызда» байқауы жарияланады. Яғни, қандай да бір ізгі, игі іспен айналысып жүрген, біреуге көмегі тиген Өскемен қаласының тұрғындары туралы жазып, geroy.ryadom@bk.ru электорнды адресіне жолдау қажет (толық ақпарат үшін +7 (7232) 250-190).


Ал 25 тамыз сағат 18.00-де қала көшелерімен «Эмиль» компаниясы коллекциясындағы ретро-көліктер шеруі өтіп, Достық үйі алдына жиналады. Ары қарай сол жерде сағат 19.00-де «Уақыт машинасы» 1960, 70, 80, 90 және 2000 жылдар стиліндегі ретро кешімен жалғасады.

Осыған дейін жазғанымыздай, кәсіби білімі жоқ қарапайым халық арасында «Өскемен дауысы» байқауы жарияланған болатын. Қазіргі таңда 50-ден астам адам байқауға қатысуға тілек білдірген. Өтініштерді қабылдау жалғасуда.

«Өскемен дауысы» байқауына бастапқыда 17-50 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады деп шектеу қойылған. Алайда қала тұрғындарының өтініші бойынша еш шектеусіз, ниет білдірушілердің барлығының өтініші қабылданып жатыр. Бас жүлде – Iphone смартфоны болса, 2-орынға ноутбук және 3-орынға AirPods табысталмақ, - дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлы. - 30 тамыз күнгі кеште үздік қатысушылар өнер көрсетеді.

27-29 тамыз күндері «Селфи квест» марафоны өтпек. Қаланың үш алаңында: 27 тамыз Комендантка өзені маңындағы саябақта; 28 тамыз Өскемен аллеясында; 29 тамызда Амфитеатрда старттық тапсырмалар беріледі.

Яғни, берілген тапсырма бойынша селфиге түсіп, оны қаланың 15 нүктесіне ілінген QR код арқылы (ол телеграм арнасына сілтейді) жалпы базаға жіберу қажет. Үздік 100 фотосурет бейнероликке таңдалып алынады. Ал 3 сурет жүлделі орын алады. Жүлдегерлер 30 тамызда марапатталады, - дейді Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басышсы Қалқаман Сарин. - 28 тамызда Амфитеатр алаңында «White party» интерактивті кеші өтеді. Басты шарт - ақ киммен келу керек. Әр түрлі форматты қамтитын 10-15 алаң ұйымдастырылып, концерттік, ойын-сауықтық бағдарламалар болады. Сонымен қатар, 27-30 тамызда республика алаңындағы субұрқақ пен мешіттің арасында үш киіз үй тігіледі: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» - Абайдың қара сөздері негізіндегі галографиялық проекция; hitech стилінде безендірілген «Қаланың жетістіктері» киіз үй қаламыздың тәуелсіздік жылдарындағы елеулі оқиғаларымен таныстыратын болады; «Танымал тұлғалар» киіз үйінде қаламыздағы танымал тұлғаларының фотокөрмесі халық назарына ұсынылады.

Сонымен қатар, шаһарда бірнеше спорттық шаралар да ұйымдастырылады.

Алдағы сенбіде этносаябақта «Жазғы балық аулау» фестивалі өтеді, - дейді Өскемен қалалық Спорт бөлімінің басшысы Ербол Қоңыратов. - 27 тамызда сағат 18.00-де амфитеатр алаңында грек-рим күресі және еркін күрестен «Ұлы дала батырлары» жолдастық кездесуі өтеді. Өскемен қаласының балуандары мен республика спортшылары күш сынасады. 26-29 тамыз аралығында әуесқой командалары арасында жағажай волейболынан қала әкімінің кубогына "Oskemen Cup" турнирі ұйымдастырылмақ. 29-30 тамызда «Алтай» стадионында Өскемен қаласындағы әскери бөлімдер арасында футбол жарысы; 30 тамызда SMASH теннис орталығында 16 жасқа дейінгі балалар арасында үлкен теннистен турнир жопарланған.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғасан Тұрғанбаевтың сөзіне сүйенсек, Достық үйі алдында бал жәрмеңкесі өтеді, оған өңірдегі бал өңдейтін ірі шаруашылықтар қатысады. Сондай-ақ, қауын-қарбыз, нан өнімдері және өзге де ауылшаруашылық өнімдері ұсынылмақ.

Өңірдегі ірі «Восток молоко» корпорациясы зауытының ашылуын қала күніне орайластырып отыр. Яғни, зауыт жылына 120 тоннадан астам қатты ірімшік түрлерін өндіреді, - деп атап өтті бөлім басшысы.

Следующая →