ШҚО-да Өскемен мен Риддерде дәрігерлер жеткіліксіз
Жалпы ШҚО бойынша денсаулық сақтау саласына 243 маман жетіспейді
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, тек Өскеменнің өзіне әлі де 150 дәрігер қажет, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО әкімдігіндегі кеңейтілген аппарат кеңесінде Өскеменде, сондай-ақ Риддерде және кейбір ауылдарда дәрігер жетіспейтіндігі тағы сөз болды.
Осы орайда айта кетейік, биыл өңірге Семей медициналық университетін бітірген жаңа мамандар келеді деп күтілуде. Барлығы 91 маман, оның ішінде жалпы практика дәрігерлерінен 62 және анестезиолог, хирург, реабилитолог, тағы да басқа мамандар келуі керек.
Сондықтан мен қалалар мен аудандар әкімдеріне дәрігерлер үшін тұрғын үй салу және ауылдарда ғана емес, қалаларда да көтерме ақы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырдым, - дейді өңір басшысы Даниал Ахметов.
Айта кету керек, жақында 13 дәрігер жаңа гематологиялық орталықта әрі қарай жұмыс істеу үшін оқуға бармақ.
Сондай-ақ, бізге өз ауруханаларының базасында наркозбен кейбір зерттеулер жүргізу үшін аудандық мамандардың біліктілігін арттыру қажет, - деп атап өтті облыс әкімі.