Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ішкі істер министрі Өскеменде жоғалған баланы тапқан полицейді марапаттады

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді

Усть-Каменогорск и ВКО / Ішкі істер министрі Өскеменде жоғалған баланы тапқан полицейді марапаттады
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Естеріңізге сала кетсек, 14 тамызда түнгі 02.30 шамасында Өскемен қаласындағы Согра кентінде 12 жастағы аутизммен ауыратын бала жоғалып кеткен болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. ШҚО ПД арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтың қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды.

Ол сайжай аумағында шұңқырға құлап кеткен. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метр, деп хабарлайды ШҚО ПД. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы да мүмкін еді.

Баланы тапқаны үшін министр Марат Ахметжанов полицейді “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” ведомстволық медалімен марапаттады.

Следующая →