Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы Тамирлан аман-есен табылды
Кешеден бері Өскемен қаласының тәртіп сақшылары мен еріктілер 12 жастағы аутизммен ауыратын Тамирланды іздеу жұмыстарына жұмылдырылған
Согра кентінде тұратын 12 жастағы Тамирлан Ахмеджанов 14 тамыз күні түнгі 02.30-да үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Іздеу жұмыстарына 500-ден астам адам қатысты.
ШҚО Полиция департаменті Тамирлан Ахмеджанов жаңа ғана ТМК ауданындағы шұңқырдан табылғанын мәлімдеді.
Бала шұңқырға түсіп кетіп, сонда жатқан көрінеді. Оны полиция лейтенанты Тілек Ерлібеков байқап қалған.
Қазіргі таңда балаға медициналық көмек көрсетілуде. Кейін ата-анасына табысталады, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.