ШҚО құтқарушылары балаларға көмекке келді
Бүгін Өскемендегі құтқарушылар талға шығып түсе алмай қалған, балконда тұрған балаларға көмекке дер кезінде жетті
Бүгін Өскеменде 30-шы гвардиялық дивизия көшесінде алты жасар бала ағашқа шығып алып, түсе алмай жылап отыған. Баланың жылағанын естіген куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері сақтандыру және құтқару арқанының көмегімен баланы 5-6 метр биіктіктен жерге түсіріп алды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Сонымен қатар, бүгін Михаэлис көшесінен шақырту түскен.
Куәгерлер 5 жастағы қыздың 3-қабат балконында тұрғанын байқаған. Келген бойда ШҚО ТЖД қызметкерлері балконға үш иінді баспалдақпен көтеріліп, үйде ешкім жоқ екенін анықтады. Ата-аналар баланы жабылған пәтерде қараусыз қалдырды. Құтқарушылар қызды одан әрі мән-жайларды анықтау үшін полицияға тапсырды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД ата-аналарға балалар үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Балаларды қараусыз қалдыру жазатайым оқиғаларға әкеледі. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз: балаларды ашық терезелерге, балконда, пәтерде, су айдындарында қамап кетпеңiз.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.