Кеше суға батып кеткен азаматтың денесі бүгін табылды
Өскемен қаласында Ертістің жабдықталмаған жерінде суға түскен ер адам суға батып кетті
14 тамызда 14.00 шамасында құтқарушыларға Ертіс өзенінің ағысында жабдықталмаған жерде 1993 жылғы ер адам суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, ол өзенде екі досымен бірге демалып жүрген. Алысқа жүзіп, өздігінен шыға алмай қалған, достары да оны құтқара алмады.
Суға батқан адамның денесі 15 тамызда шамамен 10 сағат 50 минутта жағадан 20 метр қашықтықта табылды. Бұл орында суға түсуге тыйым салынатындығы туралы арнайы белгі болғанына қарамастан қала тұрғындары өз өмірлерін қатерге тігуде, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД азаматтарға тек жабдықталған жағажайларда шомылу қажет екенін еске салады. Ешқандай жағдайда өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Тыйым салу белгілері түбін сүңгуірлер тексермегенін, үлкен тереңдікті және түбінде адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін заттар немесе түбіндегі шұңқырлар, тереңдігі төрт және одан да көп метрге дейінгі жартастар болуы мүмкін екенін көрсетеді.