Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да кинолог терезеге шығып алған баланы құтқарып қалды

Қайсенов кентінде 5 жасар бала үйдің бесінші қабатындағы ашық терезеге шығып кеткен

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да кинолог терезеге шығып алған баланы құтқарып қалды
Фото:
Polisia.kz сайтынан

Пәтерге бірінші болып жүгірген инспектор-кинолог қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 тамызда Ұлан аудандық полиция бөлімінің 102 жедел арнасына Қасым Қайсенов кентіндегі Абай алаңындағы үйлердің бірінің терезесінде жас бала тұрғаны туралы қоңырау түскен. Дабыл бойынша жедел-тергеу тобы дереу мекенжайға жіберілді. Бірнеше минуттан кейін полицейлер оқиға орнына жеткен, алайда олар келгенге дейін ол жерге қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында инспектор-кинолог Асыл Беріков жетіп алып, оқиғаға жол бермеу бойынша дереу шаралар қабылданды.

Кейін хабарланғандай, Асыл шақыртуды тіркеу кезінде үйдің ауласына жүгіре жөнеліп, кіре беріс есікті ашып, 5-қабатқа көтеріліп, пәтердің есігін қаққан. Есікті 12 жастағы қыз бала ашқан, ол інісінің ашық терезенің алдына шығып алғанын байқамаған. Бөлмеге жүгіріп келіп, полицей баланы әңгімеге тартып, терезенің алдынан көтеріп алған. Жас балалардың ата-аналары осы уақытта сол үйдің астында орналасқан дүкенге кеткен екен. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Следующая →